Референдум

Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?

Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар іс-шара атқарылуда.
Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды. Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды. Азаматтар өздерінің ЖСН енгізе отырып, Telegrambot @sailauAtyrauBot қосымшасынан қай учаскеде дауыс беретінін біле алады.
Референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер,Call-орталықтар ұйымдастырылған. Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін біріңғай 109 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылуда.
Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді.
Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындары өздерінің референдум учаскелерінің орналасу карталарын “2GIS” мобилдік қосымшасынан біле алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button