Референдум
Балық шаруашылығы саласының ардагерлері де дауыс беруде
Бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмауға тырысқан атыраулықтардың арасында
балық шаруашылығы саласында еңбек еткендер де бар. Солардың бірі –
Әміржан Шауданов. Ол облыстық халық шығармашылық орталығында
орналасқан №57 сайлау учаскесінде таңдауын жасады, — деп хабарлайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Референдумның маңызы зор. Әрбір адам өз дауысын беріп, белсенділік
танытуы қажет. Еліміздің, ұрпағымыздың болашағы үшін өзімнің учаскеме
келіп дауысымды беріп отырмын, — дейді қала тұрғыны Ә.Шауданов.
Жалпы №57 дауыс беру учаскесіне 1896 адам тіркелген. Мұнда 7 адамнан
құралған комиссия жұмыс істеп жатыр.