Жарнама
Референдум

Атырауда мектептің XI сынып оқушысы алғаш рет дауыс берді

Атырауда ауылдағы орта мектептің XI сынып оқушысы референдумда алғаш рет дауыс беруге келді.

Зарина Орынбасар Атырау қаласына таяу орналасқан Еркінқала ауылдық округіндегі Ракуш ауылында тұрады. Осындағы М.Өтемісов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің XI сыныбында оқиды.

«Бүгін алғаш рет дауыс бердім. Менің бұл қадамым референдуммен сәйкес келді. Саяси науқанқа қатысып, өз таңдауымды жасау арқылы үлкен жауапкершілікті сезініп тұрмын. Жеке көзқарасыма сәйкес шешім қабылдап, дауыс беру жәшігіне бюллетенді салдым», дейді Зарина Орынбасар.

Ол өзі тұратын ауылдағы №27 сайлау учаскесінің тізімінде 2212 адаммен бірге тіркелген. Референдум комиссиясы алғаш рет дауыс берген мектеп оқушысына арнайы сыйлық табыс етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button