Ардагер журналист ұстанымын білдірді
Миялылық тұрғындар да референдум учаскесіне қарай ағылып жатыр. Аудан орталығының Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясындағы №145 референдум учаскесінде 1292 дауыс беруші тіркелген.
Учаскелік комиссия төрағасы Берік Бейісов референдум барысында спорттық ойындар ұйымдастырылатындығын айтты.
Үнемі елдің келешегі айқындалар сындарда азаматтық ұстанымын білдіріп жүретін белгілі ардагер-журналист Жолдас Жанқуатов та учаскеге келіп, өз дауысын берді.
– Бұл референдум мемлекетіміздің қазіргі жаңа Қазақстан құрамыз деп жатқан реформасына оң әсер етіп, жаңа леп әкеледі деп ойлаймын. Дауыс беру нәтижесінде еліміздегі энергия тапшылығын жоюға жаңа өзгерістер мен тың идеялар қосады деп сенемін. Әділетті Қазақстанды әркім өзінен бастауы керек. Әркімнің даусы маңызды, — деді ардагер журналист.
Алмас ҚАБДОЛОВ
Қызылқоға ауданы