Жарнама
Референдум

Ақжарлықтар белсенділік танытуда

Атырау қаласының Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Ақжар-1» ауылындағы №26 орта мектепке орналасқан №56 референдум учаскесінде 2409 дауыс беруші тіркелген.

Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Аманжол Әбуғалиев бүгін алғашқы 30 минут ішінде 20-дан астам адам дауыс беріп үлгергендігін айтты.

-Мұндай белсенділік отандастарымыздың елдің келешегіне қатысты мәселеге немқұрайды қарамайтындығын көрсетеді. Азаматтардың бүгінгі таңдауын білдіруі келешек ұрпақ үшін аса маңызды қадам, — дейді А.Әбуғалиев.
Учаскелік комиссия құрамына 9 адам мүше болса, 3 адам байқаушы болып қатысып отыр.
Айта кетейік, Атырау қаласы бойынша барлығы 1 аумақтық, 134 учаскелік референдум комиссиясы бар. Оның ішінде 7 учаскелік комиссия жаңадан құрылған. 134 учаскенің 106-сы қаланың ішінде, 13-і Қайыршақты ауылдық округінде, 5-еуі Еркінқала ауылында, 4-еуі – Атырау, 3-еуі Кеңөзекте, 2-еуі – Алмалы, ал Дамбы ауылдық округінде 1 референдум учаскесі орналасқан.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button