Референдум
Алмалыда 17 адам үйден дауыс береді
Қалаға бағынышты Алмалы ауылдық округіндегі №227 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Алла Жакеева учаскеде 2314 дауыс беруші тіркелгенін айтты. Осы уақытқа дейін 400-ден астам адам дауыс берген.
Референдум комиссиясының мүшелері денсаулық жағдайларына байланысты үйден дауыс беруге өтініш берген 17 тұрғынға сағат 12:00-де арнайы барып, дауыс беруге көмектеседі.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ