Жарнама
Референдум

АЭС – ел болашағы үшін керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесі 1 жыл халықтың талқысында болғанын, енді референдум алдымыздағы 6 қазан күні өтетінін мәлімдеді.

Осы бағытта: «Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерізімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз қажет», —деді.
Атом электр стансасын салу болашақта орын алуы мүмкін энергия тапшылығының алдын алуды көздейді. Сөз жоқ, бұл – орынды бастама. Одан келер қауіп жоқ. Өзіміз де токпен тікелей жұмыс істегендіктен, бұл жайт бізге жақсы таныс.
Алтыншы қазан күні өтетін референдумда ел тұрғындары саналы таңдау жасайды деп ойлаймын.

Қайрат ҚАБИЕВ,
«КEGOC» АҚ Батыс аймақтық электр желісі
Индер подстансасының бастығы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button