«ЖЫЛУ ЖИНАУ ЖЫЛМА-ЖЫЛ ҮДЕП БАРАДЫ»

Атырау» газеті, 7 маусым, №63)

Жуырда газетімізде ардагер-журналист Құмарғали Ғабдешұлының «Жылу жинау жылма-жыл үдеп барады» атты мақаласы жарияланған болатын. Осыған орай, облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали Сәрсенғалиевтың атына хат жолдап, түсінік беруін өтінген едік. Редакциямызға келген жауап хат мәтінін сол күйінде жариялауды жөн көрдік:

Атырау облысы білім беру басқармасының 2014 жылдың 12 мамырдағы №158 «2014 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі мектеп бітіру іс-шаралары туралы» бұйрығы шығарылып, барлық білім беру бөлімдері мен білім беру ұйымдарына жолданды. Бұйрықпен білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары, мектеп бітіру кештерін өткізуге т.б. мақсаттарда ата-аналардан, оқушылардан, мұғалімдерден ақша жинауға қатаң тыйым салынып, мектептерде ақша жинау фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Білім беру басқармасында 13 мамыр күні өткен алқа мәжілісінде білім беру ұйымдарында ақша жинау мәселесі алқа мүшелері, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қатысуымен талқыланды.

Атырау қалалық білім беру бөлімі 14 мамыр күні №2 мектеп базасында барлық білім беру ұйымдарының басшыларына жиналыс өткізіп, ақша жинауды болдырмау мәселесі бойынша тапсырмалар берілді.

«Атырау» газетінде жарияланған Құмарғали Ғабдешұлының «Жылу жинау жылма-жыл үдеп барады» мақаласын таныстыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналармен шұғыл түрде жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Б.СӘРСЕНҒАЛИЕВ,

облыстық білім беру басқармасының басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз