Жарнама
Құқық

Жыл басынан бері облыста 7147 адам тегін құқықтық көмек алды

Оның ішінде 5 298 адам құқықтық кеңес алса, қалғаны соттарда, тергеу органдарында жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған. Бұл туралы Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүланда Қыстаубаева баспасөз брифингінде мәлім етті.

Құқықтық консультация түріндегі заң көмегінде негізінен алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу сияқты бағыттар қамтылған.

–Бұл қызметтер әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Сәйкесінше бұл оларға заң аясында өз мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, — деді Г.Қыстаубаева.

Оның айтуынша, тегін заң көмегі арқылы азаматтар заң аясында өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын үйреніп, көп мәселені сотқа жеткізбей-ақ шешуге мүмкіндік алды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button