Жұмыскер-Балықшы көпірінен секірмек болды…

2020 06 11 084152120400 Құқық

21 тамыз түнгі сағат 02:45 шамасында «102» операторына Атырау қаласындағы Жұмыскер-Балықшы көпірінің үстінде белгісіз адам суға секірейін деп жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері  навигатор-радиоқабылдағыш арқылы шұғыл жақын арадағы экипаждарға бағыттама беді. Жақын маңда жүрген «Батыс-24» экипажының қызметкерлері –  полиция аға лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов аталған жерге дереу жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте көпірден секірмекші болған 1989 жылы туылған Атырау қаласының тұрғынын анықтады.

Жедел әрі нәтижелі әрекет еткен полицейлер төрт минут бойы онымен профилактикалық келіссөз жүргізіп, райынан қайтарды. Арнайы сараптама жүргізілген соң оның жеңіл дәрежеде мас екені анықталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

screenshot 20220821 141131 telegram
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз