Жарнама
Құқық

Жұлдызда төбелес болған ба?

Атырауда жасөспірім балалар полицияға жалған хабарлама берген.

25 сәуір күні сағат 01:00 шамасында Аймұрат есімді тұрғын Жұлдыз мөлтек ауданында төбелес болып жатқандығы жөнінде Атырау қаласы полиция басқармасының  “102” арнасына  жалған хабарлама берген. Хабарлама бойынша тәртіп сақшылары аумақты тексеріп, ешқандай төбелестің орын алмағандығын анықтады. Белгілі болғандай кәмелетке толмаған үш жасөспірім бала өз араларында бәстесіп, нәтижесінде бәстен жеңіліп қалған 15 жастағы бала өзін “Аймұрат” деген жалған есіммен хабарлама қалдырған.

Сонымен қоса, аталған үш жасөспірім хабарлама берген уақытта түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болған. Және  осы уақытта дейін дәл осы құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары мәлім болды.

Жасөспірімдердің жеке бастары анықталып, арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін 15 жастағы жасөспірімнің ата-атасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438 бабының 3 бөлімімен  (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер) және ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлімімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар жасақталды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Одан басқа, үш жасөспірімнің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлімімен   (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы,Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

«Атырау облыстық полиция департаменті»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button