Жарнама
Құқық

Жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы туралы ақпарат рас па?

Интернет желісінде «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы іске қосылғаны туралы ақпарат тарауда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі оның шындыққа еш сәйкес келмейтінін ескертеді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, аталған ақпараттық материал жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.

«Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», делінген хабарламада. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button