Жарнама
Құқық

ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАП, 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛДЫ

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оны әшкерелеуде жәрдемдескен адамға көтермелеу сыйақысы тағайындалады.

Атырауда соңғы 3 жылда  сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 19 тұлға 3 млн. тенгеден жоғары көлемде сыйақымен көтермеленді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалады.  

Параның немесе келтірілген залалдың сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктердің немесе келтірілген қызметтердің құны бір мың айылық есептік көрсеткіштен аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.    Егер, 1 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын пара немесе келтірілген залалдың сыйақысы 10 пайызын құрайды» делінген  хабарламада.   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button