ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ
Заңдылықтарға енген биылғы өзгерістердің ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысына жауапкершіліктің кешенді нормалары қамтылды. Дәлірек айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін міндетті түрде мүлкін тәркілеу арқылы белгілі бір лауазымды атқаруға өмір бойына тыйым салынады. Пара алу және беру қылмыстарын жасағаны үшін айыппұл түріндегі жаза бөлек көрсетілген. Онда айыппұл сомасы айлық есептік мөлшерінде емес, белгіленген пара мен айыппұл сомасына тәуелді.
Осындай заңдылықтар шеңберінде бүгінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызмет етуде. Аталған заңдар бойынша жұртшылықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу және тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында өз ой-пікірлеріңізді бөлісуге мүмкіндік бар. Ол үшін аталған департаменттің әлеуметтік желідегі anticorruption_atyrau@mail.ru, Facеbook, В контакте парақшаларындағы – антикоррупционная служба Атырау мекен-жайына және 35-42-85 телефон нөміріне, орталықтандырылған 1494 бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.
Г.МАҚСОТОВА, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің кеңесшісі.