
Құқық
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады
Атырауда «Қауіпсіз дөңгелек» рейдтік акциясы басталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу үшін көлік жүргізушілерінің қысқы маусымға дайындығын тексеріп, жол жүріс қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 2-4 желтоқсан күндері рейдтік акциясы ұйымдастырылуда. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтарынан жолда жол жүру ережерелерін қатаң сақтауды сұраймыз,- деді қалалық полиция басқармасы ППБ взвод командирі Исатай Тұрсынғалиев.

Айта кетейік, егер жазғы маусымдық үлгідегі дөңгелектерді қысқы маусымда пайдаланған жағдайда жүргізушіге 5 АЕК, яғни 18460 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал оны төлемеген немесе ережені сақтамаған жағдайда көлік автотұраққа қойылады.