Жарнама
Құқық

Жарақат алған жұмысшы кім?

Мақат аудандық ауруханасында өндірістік жарақат фактісін жасырған дәрігерлерге шара қолданылды. Мақат аудандық прокурорының орынбасары Ерлан Какиевтен білгеніміздей, кезекті прокурорлық тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігі саласындағы заң бұзушылықтар анықталған.

-Медициналық ұйымның қызметкерлерімен 13 өндірістік жарақат дерегі жасырылған. Аталған деректер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген. Соның салдарынан жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айрылып отыр, — деген прокурор жарақат алған жұмысшының аты-жөні кім екені де белгісіз екенін айтады.


Себебі аурухананың науқастарды тіркеу журналына алғашқы көмекке жүгінген адамның аты-жөні мен жұмыс орны нақты көрсетілмепті. Сондай-ақ медициналық мекеме өндірістегі жазатайым оқиға туралы құзырлы органдарды хабардар етпеген.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Толығырақ «Атырау» газетінен оқи аласыздар.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button