Жарнама
Құқық

Жаңа Заң тиранды тыя ма?

Расында, соңғы жылдары қалың бұқара арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қызу талқыланды. Ал жуырда ғана Мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың құқықтары және заңды мүдделерін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған құжатқа қол қойды.

Ендеше заңдағы өзгерістер қоғам санасын сілкіндіріп, қатыгездікке төзбеушілікті ынталандыруға тиіс.

Осы мақсатта облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы ұйымдастырған «дөңгелек үстелде» отбасындағы кикілжіңнен туындайтын сауалдарға жауап ізделіп, құзырлы орган өкілдерінің, қоғам белсенділері мен сарапшылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Шыныменен де тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатыгездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған осы тақырыпқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда да тоқталған болатын. «Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. Біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет» деп атап айтқан Президенттің сөзінен соң көп ұзамай аталған Заңның да қабылдануы бекер емес.

Толығырақ «Атырау» газетінің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button