ЖАҢА КУӘЛІК
— Бұрыннан пайдаланып келе жатқан жеке куәліктер мерзімі біткенше жарамды. Дегенмен, жаңа құжат көптеген артықшылық береді, — дейді аға инспектор.
Оның бастысы – жаңа жеке куәліктерде арнайы чиптердің орналастырылуында. Көші-қон полициясы басқармасы өкілінің пікірінше, барлық мемлекеттік қызметтер (халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алу да) Қазақстан азаматы туралы ақпараттардың электронды тасығышы – чип арқылы жүргізілетінін белгілейтін заң жобасы әзірленіп жатыр. Дегенмен, ол әлі қабылданбағандықтан көп сұраққа жауап беру қиын. «Әзірге еліміздің азаматтары Халыққа қызмет көрсету орталығынан қажетті құжатты чипсіз куәлікпен ала алады» деді ол.
Жеке куәліктердің тағы бір ерекшелігі, енді мәселен, Атыраудың тұрғыны Астана немесе Алматыға барып тұрғылықты тіркелу үшін бұрынғыдай кеткендігі, келгендігі туралы құжат толтырып жатпайды. Үй кітапшасын ұсынбайды. Жаңа құжаты арқылы шаруасын тез бітіреді.
Әр адам жаңа құжатқа 396 теңге 40 тиын төлей отырып, 15 күнде қол жеткізе алады.