Жарнама
Құқық

ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГІЗУШІГЕ – ҚАТАҢ ЖАЗА

 

Адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғалары бойынша қаралған 12 қылмыстық істің 83 пайызы, яғни 10 қылмыстық іс бойынша сотталушыларға ең көбі бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Бұдан бөлек жәбірленушілердің әртүрлі дене жарақаттарын алуына байланысты қаралған қылмыстық істер саны 12-ге тең, оның ішінде үш жүргізуші ішімдік ішіпті. Кейбір істер бойынша айыптыларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза тағайындалған. Осыған орай, қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық заңнамаларға жол қауіпсіздігіне қатысты жауаптылықты күшейтетін ережелер енгізілді. Бұрын әкімшілік тәртіп бойынша қаралатын жол жүру ережелеріне қатысты құқық бұзушылықтардың бірқатары енді қылмыстық теріс қылық ретінде танылатын болды.

Ендігі кезекте көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару да және осындай жағдайдағы адамға беру де қылмыс болып саналады. Ол үшін кемінде үш жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға, ең ауыры тоқсан тәулікке дейінгі қамауға алу жазасы тағайындалған. Егер жоғарыдағы іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына орташа зиян келтіруге әкеліп соқса, онда 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондықтан, жол бойы қауіп-қатерге толы екенін естен шығармай, сақтық шараларын сақтап жүру маңызды.

Бекарыс НӘУТИЕВ,

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button