Жарнама
Құқық

Заң мен тәртіп бар жерде — әділдік бар

Мемлекет басшысының бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісіндегі сөзін тыңдап отырып, көңілге сенім ұялады. Президентіміз ел ішінің амандығы мен азаматтардың құқығын қорғауда құқық қорғау органдарының жауапкершілігі қаншалықты биік екенін нақты әрі ашық айтты. Бұл – біз үшін де, қазіргі қызмет атқарып жүрген жас мамандар үшін де үлкен серпін, үлкен жауапкершілік.


Менің еңбек жолым құқық қорғау саласымен тығыз байланысты. Қоғам тыныштығы мен тәртіп күзетінде жүріп, талай сын сағатты бастан өткердік. Сонда бір-ақ шындыққа көзіміз анық жетті: заң мен тәртіп бар жерде әділдік бар, әділдік бар жерде елге деген сенім беки түседі. Президентіміздің «қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – айрықша маңызды міндет» деуі – уақыт талабы. Қазір әлем алақұйын күй кешіп тұр. Осындай кезеңде әрбір полиция қызметкері сергек, әділ әрі батыл болуы тиіс.
Сонымен қатар, Президенттің жаңа буын курсанттарға сенім артуы – ертеңгі күнге қаланған берік іргетас. Біз ардагерлер, осы салада жинақтаған тәжірибемізді жас мамандармен бөлісуге, оларды отансүйгіштік пен адалдыққа тәрбиелеуге әрдайым әзірміз. Еліміздің құқық қорғау жүйесі заман талабына сай жаңғырып, нығая берсін. Қоғам тыныштығы – біздің ортақ парызымыз.

Толыбай ШӘКІРОВ,
Ауған соғысының ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button