Жарнама
Құқық

Ұлттық ұлан толықтай цифрлық жүйеге көшті

Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы заманауи технологияларды белсенді енгізіп, басқарудың барлық саласын цифрландыруды табысты жүзеге асырып отыр. Қазір әскери құрылымда құжат айналымынан бастап, жеке құрамды даярлау, оқу үлгерімін бақылау және ішкі ақпарат алмасу жүйесіне дейін электронды форматқа көшірілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық ұланда енді барлық кіріс және шығыс құжаттар бірыңғай электронды жүйе арқылы өңделеді. Бұл жаңашылдық рәсімдерді жылдамдатып, ақпараттың құпиялылығын сақтауға және басшылық тарапынан жедел шешім қабылдауға жол ашып отыр.

Сонымен қатар, сарбаздардың атыс және жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, оқу жетістіктері мен бағалары автоматты түрде арнайы деректер базасында тіркеледі. Жыл соңында осы мәліметтерге сүйене отырып, үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге “Сарбаз 2.0” бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында білім алуға тегін гранттар ұсынылады.

Әрбір әскери қызметші өзінің жеке компьютерінен Ұлттық ұланның ресми порталына кіріп, жаңадан шыққан бұйрықтармен, әдістемелік материалдармен және ресми жаңалықтармен танысу мүмкіндігіне ие.

Бұл – Ұлттық ұланның жаңа заманауи форматтағы жұмысының нақты көрсеткіші.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button