Ұлттық Ұлан – ел айбыны
Бүгінде Ұлттық ұлан әскерінің құрылғанына 33 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы — Қазақстан ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіретін құқық қорғау функциялары бар әскери құрама. Ұлттық ұлан жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған әскер.
1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. Сондай-ақ 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылған әскеріміздің мінсіз қызметі елге мәлім. Отан қорғауға келген жас сарбаздарды нағыз елін қорғайтын азамат ретінде тәрбиелеп келеміз. Қоғамдық тәртіпті күзетудегі және өткен 2024 жылы еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған «Су тасқыны» оқиғасында атқарған қызметімізді Президентімізде өз сөзінде атап өтіп ризашылығын білдірген болатын. Осы орайда әскери антқа бекем болудың озық үлгісін көрсетіп әскери тәртіпті жанына жалау еткен барлық әскери қызметшілерді және Атырау облысының тұрғындарын бүгінгі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің құрылғанына 33 жыл толуымен құттықтаймын.
Ерлан ИПАТОВ,
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник