УАҚЫТПЕН САНАСПАЙТЫН МАМАНДЫҚ
Көпшілік арасында полиция қызметкерлеріне сын айтылып жатады. Әсіресе, «жол бойындағы сақшылар жүргізушілерден пара алады екен» деген секілді жағымсыз әңгімелерді естіп қалатынымыз бар. Дегенмен, ондай жандар үшін бүкіл саланың барлық қызметкерлеріне күйе жағуға болмайды. Бейбіт елдің тыныштығын күзетіп жүрген полицейлердің еңбегін қоғам жоғары бағалауы тиіс. Өйткені, мемлекетіміздің алға дамуы, қылмыстың азаюы ең алдымен осы азаматтарға байланысты. Тыныштық пен тәртіп қана бізді өркениетті мемлекеттердің қатарына жетелейді. Сондықтан шығар, Елбасымыз жуырда жариялаған «100 нақты қадамында» полиция қызметкерлеріне бірқатар міндеттерді жүктеді. Осы жолда олар қас қақпай тынымсыз еңбек етеді деп сенеміз.
Нұргүл ЕЛУБАЕВА, Атырау облысы әділет департаментінің құқықты түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы.