
Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алғанда ғана азаяды
Еліміздегі әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуінде азаматтық қоғам институттарының атқаратын рөлі мен алатын орны маңызды. Солардың санатында осыдан бір жыл бұрын облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығын атауға болар еді. Бұл құрылымның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып, түрлі бағытта заңгерлік кеңестер беру, сөйтіп қоғамда жиі кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, жолына тосқауыл қою.Осы бағытта үш жыл мерзімге жоспарланған жобаны жүзеге асыруды мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі міндетіне алған.
Аталған қоғамдық бірлестіктің медиаторы Жаннат Асабаева «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамында болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшы жастармен жүздесті. Оларға заңды құқықтары мен құқықтық аспектілерді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік кодексіне енгізілген өзгерістерд, оның алдын алу шараларын түсіндірді. Соның ішінде «Заң және тәртіп» идиеологемасы аясында «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары» тақырыбындағы әңгіменің түйінін тарқатты.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: pricom.kz