Жарнама
Құқық

Түнгі рейд: жасөспірімдер назарда

Атырау қаласының аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 10 сәуірде басталған іс-шара 6 мамырға дейін жүргізіледі. Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айбол Идрисовтің жетекшілігімен тәртіп сақшылары кешкі профилактикалық тексеріске шықты.

Акция барысында қала аумағында бірқатар жұмыс атқарылған. Тәртіп сақшылары кешкі ауысымда қараусыз жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қала ішіндегі бірнеше ойын-сауық орны назардан тыс қалмады. Оның ішінде көпшілік жастар бас қосатын С.Бейбарыс, 356, Мамекұлы, 104, Уәлиханов, 23, Студенттер даңғылындағы мекемелер тексерілді.

–Белгіленген заңдылықтарға сәйкес бірінші рет ұсталған жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Жедел профилактикалық іс-шара барысында әкімшілік құқықбұзышылықтар жиі кездесуде. Бұл бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылып жатыр. Рейдтік шараның күшейтілуіне жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелестердің көбеюі басты себеп болып отыр, — дейді полиция майоры Айбол Идрисов.

Профилактикалық акция нәтижесінде жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына ескерту берілді. Жастардың «ошағына» айналған ойын-сауық орталықтарының иелеріне де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жанарай ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

«Журналистика» мамандығының IV курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button