Жарнама
Құқық

ТЕРМИН ТӘРЖІМАСЫНДА ТҮЙТКІЛ КӨП

 

— Өкінішке орай, заң баптарының да кейде түсініксіз жазылатынын мойындауға тура келеді. Сол себепті, қызмет барысында заңның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерін қатар оқып, салыстыра қарап отырамыз, — деді Әнуар Жұмажанұлы.

Махамбет аудандық сотының бас маманы Алмагүл Ерғазиева ұсынған деректерге сәйкес, биыл аудандық соттағы кіріс құжаты 2627, шығыс құжаты 4504 болса, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар саны, сәйкесінше, 2258 де 4504 құраған. Осы кезеңде келіп түскен 71 қылмыстық істің 65-і, 393 арыздың 365-і, 660 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің 639-ы қазақ тілінде қаралған. 

Аудандық сот мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, ауқымды жұмыс атқарып отыр. Атап айтқанда, жыл басынан бері жетекші-маман Н.Кабенова сот қызметкерлері арасында ҚР «Тіл заңы» бойынша дәріс өткізіп, кеңсе қызметкері Н.Кусманова аудандық соттың 2013 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы бойынша талдау жасап, судья А.Ерғазиева аудандық әділет басқармасы қызметкерлері арасында еліміздің «Тіл туралы» заңы бойынша дәріс оқыды.

«Дөңгелек үстел» басындағы талқылауда Махамбет аудандық прокурорының орынбасары Қанат Қабдолов бірқатар құнды ұсыныс-пікірлерін білдірді.

— Заң терминдерін ала-құла пайдалану жарыспалы балама терминдердің пайда болу проблемасын туындатып отыр, — деді ол,- Мәселен, ҚР Президентінің 2004 жылғы 24 қарашадағы «Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 147 Жарлығында «ходатайство» «қолдаухат» деп аударылса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде «өтініш» деп берілген. Сол сияқты, Қылмыстық Кодексте «кража» сөзіне былайша анықтама беріліпті: «Статья 175. Кража 1. Кража, то есть, тайное хищение чужого имущества». Енді мемлекеттік тілдегі аудармасына назар аударыңыз: «Ұрлық 1. Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау». Бұл жерде «кража» ұрлық жасау, «хищение» талан-таражға салу деп бөлек нақтылануы керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ, нормативтік актілерде пайдаланылатын «правовое поле» терминінің «құқықтық өріс» деп қолданылуы да оның «құқық саласы» немесе «құқық аясы» дегенге жақын ұғымын ашпайды, заң тілінде қолдануда осы терминнің баламасын іздеген жөн.

Негізінде, әзірленетін негізгі құжат түрі болып саналатын заң жобалары және заң жобаларына ғылыми-құқықтық сараптамалар тек ресми тілде әзірленеді. Мемлекеттік тілдегі нұсқасы аудармашы маман әзірлеген аударма түрінде, заң техникасына сәйкес келтіруге ешбір сараптама жүргізілместен даярланады.

Заң нормаларын пайдаланудағы қазақ тіліне байланысты мәселелер заң жобаларының алдымен орыс тілінде дайындалып, содан кейін ғана қазақшаға аударылатындығы; заңдарға талдау жүргізетін мемлекеттік тілге жетік білікті мамандардың аздығы себепті шешімін таппай отыр.

Бұдан басқа, аудандық әділет басқармасының бастығы Айгүл Ахатова өз саласы бойынша тіл төңірегінде туып отырған проблеманың жоқтығын, есесіне, басқа өңірлерден келген мамандардың айналасы бірер жылдың ішінде қазақ тіліне жетік болып кететінін айтса, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Үмбет Сыдихов іс қағаздарын жүргізуде айтарлықтай қиындық көріп отырмағандарын жеткізді.

Жалпы, аудан көлеміндегі тіл төңірегіндегі ахуалға Махамбет аудандық әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Нұрғали Аруев оң баға береді. Ана тілінің мәртебесін арттыру мақсатында «Абай оқулары», «Оралхан Бөкей оқулары», «Тіл шебері», Жұмекен Нәжімеденов және Сембай Бердімұратов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Жыл басынан бергі 3693 кіріс құжаты, 2650 шығыс құжаты мемлекеттік тілде толтырылып, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен селолық округ әкімі аппаратындағы барлық мемлекеттік қызметшілер «Қазтест» бағдарламасы бойынша тестілеуден өтіп, жақсы нәтиже көрсеткен.

Сауалдардың бірқатары Махамбет аудандық салық басқармасының жетекші маманы Гүлшара Бәйімбетоваға жолданды.

— Жасыратыны жоқ, салық саласының тілі күрделі, қиын. Ол басқаны қойып, істі қарайтын судьяның өзіне түсініксіз болып жатады. Құжаттарға қандай заң талаптарының бұзылып отырғанын да жазып, салық терминдеріне бәрінің бірдей жетік еместігін назарда ұстаған жөн. Біз осындай шараларды ұйымдастыру арқылы сот ісін қарау мәселесінде кездесетін кемшіліктерді бірлесіп шеше аламыз. Сол себепті, ортақ пікірталасқа барлық сала мамандарын шақырып отырмыз, — деп толықтырды Әнуар Дәурешов.

«Дөңгелек үстелде» республикалық «Заң» газеті бас редакторының орынбасары Айнұр Сембаева «Заңды дұрыс аудармау, терминдердің қате қолданылуы кейбір қызметкерлерде ізденістің жоғын көрсетеді. Туған тіліміздің жағдайына жаны ашитын адам қашан да оның дұрыс қолданылуына ықпал етіп, жіберген қателігін түзетуге тырысады» десе, облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев «Тіліне ерекше құрмет көрсетіп отырған мемлекеттерге барғанда сүйсініп қаласың. Қазақ тілінің құнарлылығы, байлығы сондай, бүгінгі күні сотта бірнеше ай бойына қаралатын істерді билер ерте замандарда бір ауыз сөзбен-ақ түйіндеп, шешіп отырған. Кезінде Мақат аудандық сотының төрағасы болып жасаған Сәтқұл Бекжанов та осындай өткір тілді кісі болса керек. Бір жолы ажырасуға арыз беріп келген әйел адам отбасын сақтау жөніндегі кеңеске қалай айтса да құлақ аспапты. «Жарайды,-депті Сәтқұл ағамыз. — Арызыңды қанағаттандырайық, бұған дейін сен пәленшенің әйелі болып келсең, енді елдің әйелі боласың». Сөз төркінін түсінген әйел ниетінен қайтқан екен.

«Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу тәжірибелері» «дөңгелек үстелі» берері мол, айтары көп тәлімдік шаралардың бірі болды. Оның мемлекеттік тілде іс жүргізу процесіне әрі қарай оң ықпалын тигізіп, нәтижесін аттыра түсетіні сөзсіз.

Құралай ҚУАТОВА.

Махамбет ауданы.

барысында кеңінен қозғалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button