Сот сараптамасы – сан сауалдың жауабы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сəйкес, мемлекеттің басты құндылығы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып танылады. Қазіргі таңда əрбір адам аталған құқықтары мен заңды мүдделерін заңмен тыйым салынбаған кез келген əдіспен қорғай алады. Əрине, көбіне азаматтар өз құқықтарын қорғауды сот өндірісі арқылы жүзеге асырады. Аталмыш құқықтар мен мүдделерді жүзеге асырудың бір нысаны ретінде біз, сот сараптамасын айтамыз. Себебі, дəл осы сараптама арқылы тұлғаның жасалған қылмысқа қатыстылығын, оның кінəсіз немесе кінəлі екендігіне көз жеткізуге болады. Қаншалықты қоғамның техника жағынан қамтылғаны- на қарамастан, сот сараптама- сы ақ пен қараны ажырата алатын жалғыз өндіріс болып саналады.
Қазіргі таңда еліміздің батыс өңіріндегі сот сараптама қызметін Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институты атқарады.
Сот сараптамасы прокуратура, сот органдары- ның, сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарайтын өкілетті органдардың тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Прокуратура органдарының қаулылары мен сот қаулылары, ұйғарымдары сараптама жүргізудің негіздемесі болады.
Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы ҚР Үкіметінің 11.08.97ж. №1245 «ҚР ӘМ «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін» құру туралы қаулысының негізінде Сот сараптамасы орталығы директорының бұйрығымен 1997 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. Зертханаға құқық қорғау орган- дары мен соттардың қажеттілігіне сай түрлі мамандықтағы (криминалистік, химияляқ, биологиялық, инженерлік-техниктік, сот экономикалық) қызметкерлер жұмысқа тартылды. Алғашында зертханада есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу, тауартану және трасологиялық зерттеулер жүргізілсе, 1998 жылдың сәуір айынан биологиялық. өрт-техникалық, баллистикалық, жол-көлік оқилары жағдайын сараптау, құрылыс – техникалық сараптама- ларымен толықты.
2001 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында сарапшылық зерттеу бөлімі ашылды.
2004-2006 жылдар зертхана өміріне жаңа леп алып келген жылдар болды.
2004 жылдың аяғында толығымен жабдықталған Батыс аймағындағы екінші бейнефонографиялық, 2005 жылы заманауи, кешенді арнайы құрал –жабдықтармен жабдықталған, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының құқық қорғау органдары мен соттарының қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын генетикалық- молекулярлық сараптама ашылды.
Зертханаға есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсор- ларды сот- сарапшылық зерттеуді жоғары кәсіби деңгейде жүргізуге қол жеткізетін ИК-спектрофотометр мен Газдық хроматограф алынып, орнатылды, барлық сарапшылар дерлік дербес компьютермен қамтамасыз етіліп, жаңадан жиаздармен жабдықталып, әдістемелік әдебиеттермен қамтылды.
Сот сараптамасына қатысты барлық мекемелер Әділет министрлігінің құзырына берілгендігіне байланысты, 2017 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сот медициналық сараптамасы әділет министрлігінің қарамағына өтіп, қазіргі таңда институтта 37 сарапшы сараптаманың 21 түрінен 37 сарапшылық мамандықтар бойынша сараптама жүргізуде.
Олардың қатарында — құжаттарды техникалық зерттеу, жазу тану, қолтаңба, бейнефонографиялық, экономикалық, тауартану, есірткі құралдары, психотропттық заттар мен прекурсорларды зерттеу секілді басқа да сараптама түрлері бар.
Зерттеуге қажетті ДНҚ-генетикалық анализаторы, автоматтан- дырылған дозаторлы станция секілді жабдықтар орнатыған.
Сот молекулярлық-генетикалық сараптама-биологиялық туыстықты белгілеу, анықтау мақсатында және адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстық істер категориясы бойынша жүргізілетін биологиялық зерттеулердің бір түрі. Мәселен, әйел зорлау, кісі өлтіру, бала ауысып кету, нәрестенің әкесін анықтау, белгісіз адамдардың сүйек қалдықтарын сәйкестендіру секілді оқиғалар кезінде осы сараптама түрі жүргізіледі. Түсінікті тілде айтсақ, адамның денесіндегі дезоксириб- онуклеиндік қышқыл, яғни ДНҚ арқылы нақты ақпаратқа қол жеткізіледі.
Қоғам алға ілгерілеген сайын, қылмыстың да түрі көбейеді. Есірткі тасымалдаушылар мен¬ оның түрін жасаушылар да қарап қалмайды. Соңғы уақытта синтетикалық есірткінің жаңа бір түрі пайда болды. Бұл-шегуге арналған шөптерге қосатын синте¬тика¬лық каннабиноид негізінде жасалған өнім. Бұндай есірткі түрі адамды өзіне тәуелді етіп қоймайды, адам ағзасына, психологиясына күшті әсер етеді. Есі ауысып, денесі іруі мүмкін. Әсіресе бұған жастар әуес.
Жалпы елімізде есірткі құрамында кездесетін 28 синтетикалық каннабиноид қа шектеу енгізілген, яғни бұл заттарды заңсыз айналымға салған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Атырау облысы бойынша институтта жазу мен қолтаңбаны зерттеу, жол-көлік оқиғаларын, жол апатының себебін және көліктің жағдайын зерттеу, құрылыс саласы бойынша, экономикалық сараптамалар және қылмыстық сараптаманың барлық түрі жүргізіледі.
Құжаттарға қатысты сараптама жасайтындардың қатары көбейген. Әсіресе, қойылған қолдың дұрыстығын, яғни шынайылығын тексеру, банк құжаттарын, мәселен, сыйға берілген үй құжаттарын, қолхаттардың, келісімшарттардың, заем келісімшарттарының шынайылығын тексеру жұмыстары жиі жүргізіледі.
Біреудің атынан қол қойып немесе құжатты өзгертіп жіберетіндер көп. Соңғы уақытта бұндай дерек Өзбекстан азаматтарына қатысты жиі тіркелді. Мәселен, көрші келген азамат Қазақстанда жүру мерзімін өздерінің жалған мөрлері арқылы өзгертіп алады. Құжат тексеру кезінде күдік келтірген көші-қон полициясының қызметкерлері істің анық-қанығына көз жеткізу үшін біздің сарапшылардың көмегіне жүгінеді.
Арнайы әдіс арқылы мамандар істің шынайылығын анықтап береді.
Сонымен бірге, салынып жатқан мемлекеттік нысандарға экономикалық, құрылыс сараптамасы жүргізіледі. Бюджеттен бөлінген қаржының қандай дәрежеде мақсатты түрде жұмсалып жатқаны анықталады.
Қазақстанның біріңғай экономика- лық кеңістікке кіруіне байланысты, қазіргі таңда сот сараптамасы қызметінің атқаратын ролі мен маңызы артып отыр. Осыған орай сот тауартану сараптамасы, контрафакт өнімдерін зерттеу, компьютерлік технология мен зияткерлік құқықты қорғау сараптамаларын жүргізуге баса назар аударылуда.
Жаңа заманғы технологияларды, ғылыми жаңалықтарды ұтымды пайдалануда, сарапшылар ЕвроОдақ жүйесінің ұйымдастырған оқу- әдістемелік семинарларына қатысып, өз біліктіліктерін шыңдауда.
Молекулярлық- генетикалық зертхана жанынан геномдық- модификацияланған нысадарды зерттеу, сол сияқты экологиялық сараптама жүргізуді ашу жоспарлануда.
Үстіміздегі жылдың аяғына қарай Облыстық өкпе ауруларын емдеу ауруханасы маңынан сот- медицина бөлімшесіне қазіргі заманға сай мүрдехана құрылысы іске қосылады деп жоспарлаенып отыр.
Қорыта келгенде, мемлекеттік сараптама кез келген мемлекет тіршілігіндегі маңызды əрі қажет сараптамалардың бірі болып табылады.
Елде болып жатқан əртүрлі өзгерістер адам санасында, олардың өмірлерінде белгілі бір із қалдыруда.
Əрине, мұндай іздердің адам үшін жағымды əрі қауіпсіз болуы – кез келген мемлекеттің мақсаты. Сөз соңында айта кеткен орынды, аяқ басқан XXI ғасыр зертхананың материалдық-техникалық негізін нығайтуды талап ететіндігі даусыз, өйткені, сот- сараптама қызметінің жабдықтық негізінің жаңартылуы сараптама қызметін сапалық деңгейге көтеруге жағдай жасайды. Ал бұның өз кезегінде мемлекеттегі болып жатқан өзгерістерді жеңіл көтеруге көмектеседі.
Жоғарыда қарастырылған мемлекеттік сараптамалардың маңызды түрлері жалпы, кез келген қоғамда алатын орны ерекше. Себебі, дəл осы сараптамалар арқылы, біз болуы ықтимал апаттар мен дауларды, келіспеушіліктер мен жағымсыз оқиғалардың алдын аламыз.
Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институты