ШЕКАРАДАҒЫ ШАҚЫРЫЛМАҒАН «ҚОНАҚТАР»
Өзбекстанның тұрғындары Абдураим Иброхимов пен Абдирашид Гоибовтің тірлігін соның мысалы ретінде айтуға болады. Олар биылғы жылдың маусым айында түнде Ресейден қашып, Қазақстанға өтпекші болған. Теріс пиғылдылардың әрекеті жүзеге аспай қалды. Қуыс-қуысқа тығылып, жасырынып жүрген, қолында ешқандай құжаты жоқ жандарды қазақстандық шекарашылар ұстап алды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс көтеріліп, ол сотқа жеткен. Биылғы 28 қазандағы Құрманғазы аудандық сотының үкімімен сотталушылар А.Иброхимов пен А.Гоибовтың әрқайсысына алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Бүгінде үкім күшіне еніп отыр.
Ал, Тәжікстанның азаматы Юлчибой Рахманов еліміздің аумағына басқа адамның төлқұжатымен кіруді ұйғарыпты. Алайда, Ақкөл селосында орналасқан «Ганюшкин» бақылау-өткізу пунктінің шекара қызметкерлері оның бұл қулығын дер мезгілінде байқап қалды. Заңсыз іске барған адам да бүгінде жауапкершілікке тартылды. Сот оған 185 200 теңге көлемінде айыппұл салды.
Фархат АРУОВ,
Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі.