Жарнама
Құқық

ҰШАҚТАҒЫ «ӨРТ»

Көріністің шынайы болғаны соншалық, құтқарушылар мен әуежай қызметкерлері апатты ауыздықтауға барын сала кірісті. Бірі жолаушыларды жедел құтқарып жатыр, екіншісі ұшақтан шыққан өртті сөндіруде.

— Бүгінгі өтіп жатқан өрт-тактикалық жаттығудың мақсаты да осы. Тез арада қауіптің бұлтын сейілту, адамдарды аман алып қалу, — дейді облыстық ТЖД өртке қарсы қызметтің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

Оның айтуынша, өртті жоюға Атырау қаласы гарнизонының жеке құрамынан 35 адам, сонымен қатар, «АТМА» АҚ өртке қарсы қызметі, Атырау халықаралық әуежайы АҚ-ның қызметкерлері, жедел медициналық бригадасы жұмылдырылды. Бірнеше өрт сөндіру техникалары тартылды. Тез арада шешім алып, қауырт қимылдаудың арқасында ұшақтағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге жеткізілді. Апат айналаға қаупін төндірген жоқ. «Жаттығу өртке қарсы қызметтің әуежаймен және өзге қызметтермен өзара іс-әрекетін ұйымдастыруды, өрт сөндіру гарнизонының жоғарғы шақырту бойынша дайындық деңгейін, өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, сонымен қатар ТЖ орын алған жағдайда қызмет көрсетуші қызметкерлердің іс-әрекеттері мен міндеттерін білуін бағалауға мүмкіндік берді» дейді осы шараның басы-қасында жүргендер.  

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button