
Сертке берік бол, сарбаз!
Атырау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Атырау гарнизонының 41433 және 41321 әскери бөлімдерінде 130-дан аса жас сарбаз әскери ант қабылдады.

Салтанатты шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Бауыржан Артықов сарбаздарды антқа берік болуға үндеп, әскер қатарына қосылумен құттықтады. Қорғаныс Министрлігі Атырау гарнизонының 41433 әскери бөлімінің басшылық құрамы, ардагерлер мен сарбаздардың ата-аналары да игі тілектерін арнады.
Ал, қатардағы жауынгер Сүйіндік Қараматдинов өзінің әскерге бару ниетін ата-анасы мақұлдағанын жеткізді.

-Мен бүгінгі күнді өте маңызды деп санаймын. Өзім үшін де, әскери киімдегі достарым үшін де мақтаныш сезімде тұрмын, — деді ол әсерімен бөлісіп.

Иә, сарбаздың әскери өмірдегі қайталанбас сәтіне куә болған біз де жас әскерилерге алдағы жауапты қызметтерін абыроймен атқаруды тіледік.
Майра ЕРҒАЛИ