Жарнама
Құқық

Серік Шәпкенов балалар арасындағы буллинг, қылмыс пен зорлық-зомбылықты алдын алуды тапсырды

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінде өңір басшысы С.Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте айтылды.

Кеңес барысында балаларды қорлау,  мектеп оқушыларын жыныстық сауаттылыққа үйрету секілді мәселелерді де көтерілді. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев тәрбие жұмыстары және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі орталық құруды ұсынды.

— Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық істер артып келеді. Сондықтан бұрын білім беру басқармасы жанында болған орталықты тәрбие жұмыстары және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі орталық етіп қайта жасақтауды ұсынамын. Өйткені бала тәрбиесімен тікелей айналысатын орталықтар білім беру басқармасында жоқ, — деді Ж.Бисембиев.

Бұл ұсынысты облыс әкімі Серік Шәпкенов қолдайтынын айтты. Осы ретте балалар арасындағы қоқан-лоқы, жәбір көрсету  мәселесінде жұмыстарды жіті назарда ұстауды тапсырды. Ал денсаулық сақтау басқармасының жанындағы орталықты жастарға кеңінен насихаттау, мамандардың ем алушыларға ашықтығын қамтамасыз етуді жүктеді.

«Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы орталықты жастар біле бермейді. Сондықтан мұндай сауықтыру орталықтарының бар екенін жастарға жеткізу керек. Балалар арасындағы буллинг, оларды жәбірлеу мәселелері басқа орталықта қаралу керек. Ең үлкен мәселе – жасынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың ешкімге ашыла алмауы. Іштен тынып, булығып жүреді. Үйіндегі адамдарға айта алмайды, ортада ешкім қорғамайды. Соңы өкінішті жағдайға әкеліп соғады. Сондықтан мамандар балалар мен жастардың психологиясымен, тәрбиесімен айналысу керек. Орталықта ашықтықты қамтамасыз етіліп, пациент мамандарға сену керек, — деді С.Шәпкенов. Кеңес барысында аудандардағы Жастар ресурстық орталығының жұмысы, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және  адами құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдаған кезде де балалар арасында зорлық-зомбылық және буллинг фактілері әлі де азаймай тұрғанын атап өтіп, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік құрылымдармен өзара тығыз жұмыс істеу маңызды екеніне назар аударған болатын.

Мира НҰРТАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button