Жарнама
Құқық

Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі

Атырау қаласында жастардың есірткіге тәуелді болу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды қоғамдық шара – «Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ: есірткіге жол жоқ!» атты қалалық форум өтті.

Жасөспірімдер арасындағы есірткіге қарсы күреске арналған ауқымды диалог алаңына айнаған форумды қалалық білім бөлімі ұйымдастырды. Жиын жас педагогтардың театрландырылған қойылымымен ашылды. Мұнда есірткіге тәуелділіктің жастар өміріне қалай қауіп төндіретіні көркем түрде бейнеленіп, көрермендердің көкейіне әсерлі ой салды.

Форумның салтанатты ашылуында қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова сөз сөйлеп, ұрпақ тәрбиесі ел қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

–Бұл форум – кездейсоқ ұйымдастырылған шара емес. Бұл – ұлт болашағына деген жанашырлықтың көрінісі. Мектептер тек білім емес, тәрбие беретін орта екенін естен шығармауымыз керек. Ұрпақ – мемлекеттің ең басты капиталы, — деді А.Дүйсекенова.

Жиында Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмаханов жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен есірткімен күресте заңның рөлін атап өтті.

–Есірткіге қарсы күрес – бұл тек қылмыстық жауапкершілікпен шектелмейді. Жастарға заңды түсіндіру, оларды қорғау және дер кезінде алдын алу – бәріміздің ортақ міндетіміз, — деді Б.Жұмаханов.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Жанғалиева аталған жұмыстарға қатысты нақты деректер келтірді. Ол соңғы жылдары жастар арасында есірткінің таралуына қатысты қауіптің артып келе жатқанын мәлімдеп, алдын алу шараларының маңыздылығын жеткізді.

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button