Жарнама
Құқық

Сағыздағы атыс: тергеу амалдары әділ өтеді

Сағыз ауылындағы атыстан кейін ауыл тұрғындары полиция бөлімшесіне жиналды.

Бүгін, яғни, 2 қарашада Қызылқоға ауданындағы Сағыз полиция бөлімшесінеғ 25 әйел адам келіп, талаптарын айтқан.

Олар 30 қазан күні Сағызда орын алған оқиғаға қатысты әділ тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазаға тартуды сұрауда.

«Қазіргі таңда тергеу амалдарымен облыстан арнайы топ келіп айналысып жатыр. Тергеу амалдары әділ өтеді. Тергеу ісін Атырау облысы полиция департаменті басшысы Хамза Үмбетқалиев тікелей бақылауында ұстап отыр.

Қазіргі таңда бір адамның өліміне алып келген қанды оқиға Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің назарында.

Сотқа дейінгі тергеп — тексеру деректері жария етуге жатпайды» деді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button