Жарнама
Құқық

Рингте де, қызметте де мықты

Қоғамның тыныштығын күзету – әрбір тәртіп сақшысының міндеті. Бірақ кейбір жандар өз кәсібінде ғана емес, спортта да биік белестерді бағындырып, мықтылығын дәлелдеп жатады. Солардың бірі – ішкі істер органдарында еңбек етіп жүрген аға лейтенант Елдар Отаралы. Ол рингте де, қызметте де үздік атанып, ел мақтанышына айналған нағыз чемпион. Облыстық полиция департаменті оның 35 секундтық нокаутын үлкен жетістік деп санады.

Полиция қызметкері болу – тек заң мен тәртіпті сақтау ғана емес, физикалық және рухани күш-жігерді талап ететін мамандық. Елдар Жұмажанұлы осы жауапты қызметпен қатар спортта да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, болаттай беріктігін дәлелдеді. Ол 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет етуде.

Спорт – төзімділік пен ерік-жігердің алаңы. Елдар 2018 жылдан бастап ережесіз жекпе-жек, қоян-қолтық ұрыс және бокспен шұғылданып, жоғары деңгейде өнер көрсете бастады. Оның алғашқы ірі жетістіктерінің бірі – 2021 жылы Ресейдің Астрахан қаласында өткен «Каспий маңы елдерінің кубогы» халықаралық турнирінде алтын жүлдеге ие болуы. Ал 2023 жылы Қазақстан кубогы үшін өткен қоян-қолтық жекпе-жекте чемпион атанып, спорттағы мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

–Спорттағы жетістіктерімен шектелмеген Елдар жуырда өткен «Dosboxing champion 4» бокс додасына қатысып, әлемдік деңгейдегі спортшылармен бірге бақ сынады. «Suleimen» жүлдесі үшін ұйымдастырылған жекпе-жекте ол қарсыласын небәрі 35 секундта нокаутқа жіберіп, спортсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Бұл жеңіс – оның тынымсыз еңбегі мен жоғары шеберлігінің нәтижесі, — дейді олыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Елдар Жұмажанұлы – спортта ғана емес, қызметінде де биіктерді бағындырып жүрген азамат. Оның табандылығы мен ерік-жігері құқық қорғау саласындағы әріптестеріне үлгі. Тәртіп сақшылары батылдық пен қырағылықты бойына сіңіргенде ғана, олар қоғам үшін нағыз темірқазыққа айналады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button