Жарнама
Құқық

Қызылқоғалық полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған азаматты құтқарды

Қызылқоға аудандық полиция бөліміне 6 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында Миялы ауылының​ азаматшасы хабарласып өзінің жолдасы 41 жастағы Асхат Кушелеков Жангелдин ауылына қарасты «Қазы» қыстағынан ​ мал айдап​ келе жатып ауа райының күрт өзгеруіне байланысты белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны туралы айтқан.

​ Хабарлама түскен сәттен бастап аудан полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кешкі сағат 23.30 шамасында ауылдан 40 км қашықтықтағы учаскесінің «Жұмыршы» жерінен табылады.

  • 2 айдан бері осы ірі қара малымды іздеп жүрмін. Жолдан адасып, ​ күн бойы азықтанбағай,​ әбден әлсіреп, оның үстіне жауын астында қалғанда полицейлер дереу алғашқы көмек көрсетіп,киімімді ауыстырып,​ аман-есен үйіме жеткізді.Шексіз алғысымды білдіремін-деді Асхат Кушелеков.
  • Ауа-райының күрт өзгеріп, тұмандануы салдарынан көлікпен қатынау біраз қиындықтар тудырды. Дегенмен іздестіру жұмыстарын тоқтатпадық. Аудан тұрғындарының баптап күткен малдарының бір сәтте жоғалуы кімге болса да оңай тимесі анық. Дегенмен ауа райы нашарлаған сәтте, әсіресе түнде алыс сапарлардан аулақ болуды ескертіп келеміз. Алдағы уақытта да тұрғындарға сақ болуды ескертеміз -деді, Қызылқоға аудандық Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ерлан Жұмагереев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button