Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру дерегі 20 %-ға артты

9cc3d6a0 76e9 4f3b a2dd 818f1333c357 Құқық

2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты Департаментке түскен өтініштерді зерделей келе, 16 өтініш дәлелін тауып, қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артты.

Сәйкесінше, мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіріп көрсету дерегі 30%- ға азайды.

Департаментпен түскен өтініштер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 23 тексерулер жүргізілген,нәтижесінде 2 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (22%) жер қатынастары саласында (15%),сәулет және қала құрылысында (6%), қауіпсіздік және қорғаныс (6%), салаларында орын алған.

Тексеру нәтижелері негізінде Департамент ұсынысымен  заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ӘҚБтК-ның 465-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты  10 әкімшілік хаттама түзілді. Нәтижесінде 638 250 теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді.

Департаменттің баспасөз қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз