
Құқық
Қызғалдақпен суретке түскен әкімге айыппұл салынды
Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкіміне қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде оған қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 39 320 теңге айыппұл салынған.
Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Жұбанов ауылдық округінің әкімі гүлді табиғат аясында жүргенде өзіне қыздарының сыйлағанын айтқан. Ол жерде өсімдікті жұлуға болмайтыны туралы ескерту белгілері болмаған. Әзірге суреттегі қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген түрі ме, басқасы ма, белгісіз. Дегенмен Ләззат Бердібаеваның әрекетін Әдеп жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданған.