
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: 2 күнде 900-ға жуық құқықбұзушылық анықталды
Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 18-20 наурыз аралығында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның екі күнінде есепте тұрған 690 тұлға мекен-жайы бойынша тексеріліп, 872 құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 64; ұсақ бұзақылық – 68; Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу – 5; мас күйде автокөлік басқару – 5; құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы – 5, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың 225 дерегі тіркелді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасады.