Жарнама
Құқық

Құқықтық оқытулар тұрақты түрде жүргізілуде

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi, қызметтік әдепті сақтауға және функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдайды.
Осы орайда, Департаментпен Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау қалалық білім бөлімі мен Атырау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары туралы өзекті мәселелерге қатысты диалогтық алаң ұйымдастырылды.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшіге заңды түрде тиесілі ақшаны,
сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруі және өзге
де мәселелер талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

Департаменттің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button