Жарнама
Құқық

Қоғамдық індеттен құтылу – міндет

Ел тыныштығының берік кепілі болып саналатын әскери қызметшілер арасындағы кез-келген қылмыс көрсеткіші бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға арналған іс-шаралар күн тәртібінен түспейді. Оған қоса, келеңсіз құбылыстарды болдырмау үшін әскери кадрлармен жұмыс қатаң бақылауға алынған.

Жалпы, қолында биліктің тетігі бар лауазымды тұлғаны өз мүддесіне әрекет етуге көндіру мақсатында оған заңсыз сыйақы ұсыну немесе өзгедей қызмет көрсету парақорлыққа әкеп соғады. Сондықтан пара алу да, пара беру де қылмыс болып саналатынын қоғамға түсіндіруіміз қажет.

Жемқорлықтың алдын алу мақсатында Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында қажетті құжаттардың үлгілері көрнекті жерде ілініп тұр. Қызметкерлер арасында қылмыстық және әкімшілік заңдылықтардың баптары түсіндіріліп, әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік туралы айтылып келеді.

Айта кетейін, соңғы кезде мемлекеттік мекемелерге арыз-шағымдарды электрондық жүйе арқылы жолдап, оған шығарған жауап хаттарын электронды түрде алуы  адамдардың әрлі-берлі сандалып жүруіне, уакыттарының артық кетпеуіне мүмкіндік туғызып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда осындай мемлекеттік қызметтің ашықтығы да зор үлесін тигізеді.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қоғамдық індетті бірлескен күрестің нәтижесінде еңсеруге болады.

Құрманәлі ЖҮНІСБЕКОВ,

Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы, подполковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button