Жарнама
Құқық

Қазына қаражатын жымқырғандар жазасыз қалмайды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен өткен жиында Жылыой ауданының спорт мектептерінде анықталған қазына қаражатын жымқыру деректері талқыланды.
Жалпы мұндай жағдайлардың орын алу себептері төңірегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан Серікқалиев қысқаша түсінік берді.

Келесі кезекте күн тәртібіндегі мәселе бойынша аталған ведомствоның сотқа дейінгі тергеу басқармасының аға тергеушісі Құралбек Абдолла мен оның әріптесі, тергеуші Нарұл Мамай баяндама жасады.

Спикерлердің айтуынша, соңғы кездері елімізде, соның ішінде Атырау өңірінде дене шынықтыру мен спорт саласына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына жан-жақты тексеру жүргізілуде. Соған қарамастан, облыстың спорт саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес өте өзекті мәселеге айналып отыр.
Сөзіміздің дәлеліндей, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты екі бірдей мекеме — №2 және №5 Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталып, қылмыстық іс қозғалған.
Жиын қорытындысымен алдағы уақытта қоғамды жегі құрттай жеген жемқорлықтың жолын кесіп, тосқауыл қою, осындай сипаттағы әрекеттерді болдырмау, осы бағытта басқарма, мекеме басшыларының, мамандардың (әсіресе, есепшілердің) жауапкершілігін арттыру жөнінде ұсыныстар жолданып, бірауыздан мақұлданды.


Дәулетқали АРУЕВ
Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button