Жарнама
Құқық

Қазақстанда жүру ережелерін бұзған шетелдік 80 азамат жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда 11-13 желтоқсан аралығында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды тиімді қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел шарасы өтті, — деп хабарлайды kazinform агенттігі.

Үш күн ішінде еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1222 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық үшін — 5, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін — 84, тыныштықты бұзғаны үшін — 7, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін — 95, тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін — 32, ТЖ көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзғаны үшін — 807, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін-807, теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 77 дерек тіркелді. Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 80 шетелдік ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, көлік объектілерінде тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген 27 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button