Жарнама
Құқық

Қазақстанда қылмыстың бестен бір бөлігін жасөспірімдер жасайды

Өркениетті елдің болашағын сомдайтын – бүгінгі жасөспірімдер. Өйткені, келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Зерттеулерге сүйенсек, кәмелетке толмаған жасөспірімдер елдегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмыстық әрекеттердің бестен бірін жасайды екен. Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі – барып тұрған қасіретті құбылыс. Қылмыс жасай отырып, өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян келтіреді. Жасөспірім қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.


           Осы тұста «жасөспірімдердің қылмыскер атануына кім кінәлі?» деген сұрақ туындайды. Менің ойымша, бірінші кезекте ата-ана, кейін жүрген ортасы әсер етеді. Себебі,  бала ата-ана берген тәрбиеден алшақ кете алмайды. Кішкентайынан тәртіпті біліп өскен бала барлық әдептен озбайды. Сондықтан, ерте жастан баланың уақытын тиімді ұйымдастыру, бос жүріс пен әрекетке жол бермеу әр сәттің қадірін білетін тұлға қалыптастыруға септігін тигізеді.                                     

Әрине, бүгінде отбасы қамымен, тұрмыс қамымен күні бойы, кейде тіпті, айлап далада жүретін ата-аналар балаларына жеткілікті түрде көңіл бөле алмайды. Осының да салдары баланың бос жүріске бейім болуына әкеліп соғады. Бос жүрген, қараусыз жасөспірім ойына келгенін жасап, зиянды әдеттермен шұғылданады. Оның соңы қылмысқа итермелейді. Кедейлік те әсер етуі әбден мүмкін. Дегенмен, діңгегі мықты отбасы  бала бойына кішкентайынан рухани құндылықты сіңіре білсе, ондай тәрбиеден аттап кетіп, қылмысқа бара алмайды.

 Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтып, тоқтатудың бірден-бір жолы -– «Баланы — бастан» демекші, отбасы тәрбиесінің осалсымауы. Екіншіден, мектеп психологтарының осындай «қиын баламен» үздіксіз жұмысы  аса маңызды. Осындай жүйелі жұмыстарды жандандырса, соның нәтижесінде азат елге тұлға боларлық келешек ұрпақты қалыптастырып, талай қылмыстың алдын аларымыз анық.

Інжу Нәби,

Жамбыл атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button