Жарнама
Құқық

Қауіпсіздік пен тәртіп — ортақ мақсат

Атырау облысы аумағында жасөспірімдермен және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында криминогендік жағдайдың шиеленуісіне орай, облыс аумағында қоғамдық ахуалды  тұрақтандыру және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен аймақта 700-ден астам рейдтік іс-шара өткізілді. 

Атап айтқанда,  жыл басынан бастап «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жасөспірім және жауапкершілік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жаз»,  бірнеше мәрте «Құқықтық тәртіп», «Жанұя және бала», «Жасөспірім», «Каникул», «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткен. Мұның шеңберінде «Сіздің жолаушы-бала», «Абайлаңыз, балалар!» акциялары да бар.

 Кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп өткен мерзім ішінде ішкі істер бөлімдеріне 8846 кәмелетке толмағандар әкелінді, олардың ішінде 8754 әр түрлі әкімшілік құқықбұзушылықты бұзғандары үшін жеткізілген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында айтылды. 

 Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Абзал Әліпқалиевтің айтуынша, өткізілген шаралар кезінде кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және түнгі сағат 23.00-ден кейін тұрғын үй-жайдан заңды өкілдерінсіз жүрген 7723 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама жасақталып тиісті шешім қабылданды. Нәтижесінде 12 айдың есеп қортындысымен кәмелетке толмағандармен жасалынған қылмыстардың саны азайды.

– 87 «жайсыз отбасы»  мен  221 бала есепке қойылды. 211 құжат Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарына ұсынылып, оның ішінде 37 ата-ананы құқықтарынан шектеу туралы берілген ұсыныстың 9-ы қанағаттандырылды. 23 девиантты мінез-құлықты балаға арналған мектеп интернатына орналастыру туралы ұсыныстардың  төртеуі қанағаттандырды. Сонмыен бірге, 128 бала Бейімдеу орталығына орналастырылды, — деді ол.  

  Кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі бұйымдарын сатуды мүлдем тоқтату мақсатында, жыл басына бері өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысында заңдылық аясында 171 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

«Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларын, учаскелік полиция инспекторларын және жедел уәкілдерін Атырау облысының оқу орындарына (мектеп,колледж) бекіту туралы» Атырау облысы ПД бастығының бекітілген бұйрығына сай, облыс аумағындағы мектептер мен колледждерге 99 ювеналды полиция инспекторы, 182 учаскелік полиция инспекторы мен 54 криминалды полицияның жедел уәкілдері бекітіліп, бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жалғасын табуда.

  Өткізілген шаралардың нәтижесінде жыл қорытындысымен кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар санының 9,4 пайызға (74-тен 67-ге), балалардың жыныстық тиіспеушілігне қарсы қылмыстардың 10,2 пайызға (39-дан 35-ке) төмендеуіне қол жеткізілді.

  Әрі қарай отырыста Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атқарған жұмысы да әңгіме болды. Осы жылы, яғни қаңтар айында 15 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталыпты. Оның ішінде 10 қылмыс және 5 теріс қылықтар анықталып отыр.

  Жалпы жыл басынан 2 есірткі затының тасымалдаушысы анықталыпты. Екеуі де 25 және 30 жастағы ер адам, біреуі Ақтөбе облысы тұрғыны болса, екіншісі Атырау қаласының азаматы. Сүрбойдақтардың бірі жұмыссыз жүрсе, ақтөбелік тұлға бұрын сотталған. Олардан барлығы – 1,5 кг. астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленіпті. 

  Ал, заңсыз айналымнан 10 келіден астам әртүрлі есірткі заты тәркіленген екен. Оның 1,5 келіден астамы синтетикалық есірткі көрінеді. Сонымен қатар қала аумағында «фитозертхана» анықтау 1 дерегі тіркеліп, 14 түп сора өсімдігі табылған. Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Роман Ермұхановтан білдік. 

 – Жыл басынан бері «Кибер-қадағалау» бағдарламасы арқылы заңсыз контенті бар есірткі жарнамалайтын  50 сайт анықталып, ІІМ-не бұғаттауға жолданды. Осыған қатысты ҚР ҚК-нің 299-1 бабымен 1 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Есірткі сайттарын жарнамалайтын 10-нан астам граффити жазбалары анықталып, жойылып, қала аумағындағы QR кодтар да тексерілуде.

Атырау облысы Полиция департаментімен осыжылдың қаңтар  айында барлығы 74 профилактикалық шара ұйымдастырылып атқарылды, — дей келе жыл басынан бері ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық білім беру, денсаулық сақтау және қалалық ішкі саясат бөлімімен өзара ынтымақтастық орнатылып, нашақорлыққа қарсы бағытындағы жұмыстары жалғасып келе жатқанын жеткізді. 

  Отырыс соңында кинорумдарда бейнекамералар орнату, қылмыстың салдарымен күресіп қана қоймай, себебімен де күресу мәселелері көтерлді. Себебі, Түркістан облысында кино көремін деп барып, кинорумда зорлыққа ұшыраған қыздың тағдыры кім-кімге де сабақ болғаны жөн. Сонымен қатар, комиссия мүшелері есірткінің құрбанын мектеп оқушыларымен кездестіргеннің нәтижесі боларын да айтып өтті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button