Жарнама
Құқық

Қара нарықтағы құнды олжа тәркіленді

Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында киік мүйіздерінің ірі көлемін тәркіледі. Аталған операция аясында құқық қорғау органдары табиғатты қорғауға бағытталған әрекеттерді күшейтіп, браконьерлікке қарсы қатаң шаралар қабылдады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласы аумағында ойын-сауық орталығының маңында полиция қызметкерлері күдік тудырған Toyota Highlander маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеріс жүргізді. Автокөлікті 24 жастағы жүргізуші басқарған, ал тексеріс барысында көліктің ішінен пакетке салынған 71 дана киік мүйізі табылды.

-Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпараттар жариялауға жатпайды, — делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, киіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енген және оларды заңсыз аулау мен мүйіздерін сату елдегі ең өзекті экологиялық проблемалардың бірі болып отыр. Браконьерлік әрекеттерге қарсы күрес күшейтілген режимде жүргізілуде, ал кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button