Құқық
Прокурорлар алименті төленбеген азаматтарды жұмысқа орналастыруда
Атырау облыстық прокуратурасы «Алименттер. Борышкерлермен күрестің 30 қадамы» атты республикалық жобаны жүзеге асыру жұмыстарын қорытындылады. Жобаны жүзеге асыру барысында прокурорлар алиментке берешек азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл бағыттағы жұмыстар барысында басты назар борышкерлерді жұмыспен қамту мәселесіне аударылды. Осылайша, прокуратураның бастамасымен өкілетті органдар мен ірі бизнес субъектілері арасында меморандумдарға қол қойылып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді»,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қолға алынған шаралардың нәтижесінде жұмыссыз ретінде алиментке борышкер 600 азамат есепке алынып, олардың 132-сі жұмыспен қамтылды.
Өте жақсы бастама екен. Әйтпесе, балаларының жауапкершілігін бір ғана аналарға артып қойып, өзі алаңсыз тайраңдап жүрген әкесымақтар көп. 3 баласын жалғыз асырап отырған менің танысым да бар. ерік — жігері мықты келіншек қанша жыл өтсе де бұрынғы күйеуінің артынан ақша сұрап барған емес. Өзі бірнеше жұмыс жасайды. Бірақ, алимент бәрібір төленуі керек қой…
Алименттен қашып жүргендерді бас прокуратураның сайтынан арнайы бөлім ашып, тізімін салып қою керек. Тіпті, суреттерін де жүктесін. Әйтпесе, өз баласынан өзі қашып жүргендер қаптап кетті
Баласынан ақша аяп жүргендердің арасында жұмыссыздар бар да болар. Бірақ, көбісі шынайы табысын жасырып, құжаттарға жалақысын аз мөлшерде көрсетіп жүр. Сәйкесінше, алиментті де аз төлейді. Прокурорлар осы мәселені де тексерсе
Енди жалакыларын аз етип отирик корсетип отырган алимент толеушилерди копарса прокуратура нур устине нур болар еди,акесинин ИП-сына тиркелип еки балага 10000тенге толеп отырган адамдар да бар