Жарнама
Құқық

Полиция мен қоғам арасындағы алтын көпір

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні аясында полиция департаментінде сала өкілдеріне арналған салтанатты кездесу өтті.

6d732d65 ba1b 41e1 b603 b79cd846e14e

Кездесуде Атырау облысы бойынша полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Нұрхат Оразбаев өңірлік БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, қоғаммен байланыс орнатудағы еңбектеріне алғыс білдірді.

– Қазіргі қоғамда шынайы ақпаратқа деген сұраныс зор. Сіздер осы сұранысқа жауап беріп, ел ішіндегі тыныштық пен тәртіпке қатысты деректерді дер кезінде әрі нақты жеткізіп келесіздер. Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғам мен полиция арасындағы дәнекер ғана емес, қоғамдық пікір мен көзқарасты қалыптастырушы күш. Бұл – полиция қызметінің ашықтығы мен халық сенімін арттыру жолындағы ортақ іс, — деді Нұрхат Кенжебайұлы.

Салтанатты басқосуда Ақпараттық саясат бөлімінің басшысы, полиция лейтенанты Мейірім Ердәулет сөз алып, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс бағыттарына тоқталды.

– Журналист – тек жаңалық жеткізуші емес, қоғамның көзқарасын қалыптастыратын қуатты күш. Осы жолда біз бірлесе әрекет етеміз. Ішкі істер органдарының қызметін халыққа ашық әрі әділ көрсетуде сіздердің рөлдеріңіз орасан, — деді Мейірім Ердәулет.

Кездесу барысында бірқатар журналистке полиция департаменті атынан Алғыс хаттар табысталды. Бұл – қаламмен қызмет еткен еңбектің еленгені, құқық қорғау органдары мен ақпарат құралдарының өзара сенімінің көрінісі.

Нұрайби БАЙНҰР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button