Жарнама
Құқық

Полиция боламын десеңіз…

Атырау облысы полиция департаментінде жастардың тәртіп сақшысы болуға қызығушылығын арттыру  бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Осы мақсатта департаментте Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына оқуға түсуге шақыру мақсатында оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Атырау қаласының мектептерінен 300-ге жуық оқушы қатысты.

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілдері оқуға түсу талаптарын түсіндірді. Мамандар оқу орындарына түсу тәртібі  және болашақта полицияда қызмет етудің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ кездесудің соңында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.

–Полиция – қоғамдық тәртіптің қорғаушысы. Мұндай  шара мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға көмектесіп, ІІМ оқу орындарына түсуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, — деді тәртіп сақшылары.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button