Жарнама
СарапTimeФОТОГАЛЕРЕЯҚұқық

«Погонды журналист»: Жол қауіпсіздігі – жан амандығы (+ФОТО)

Республика аумағында «Погонды журналист» жобасы өтуде. Аталмыш жоба барысында БАҚ қызметкерлері өздерінің бір күнін полиция қызметіне арнайды. Осы арқылы күнделікті заң бұзушылықты, полиция қызметкерлерінің бір күндік ауыр жұмысын көзбен көреді.

Қауіпсіздікті сақтауда, заң бұзушылықты анықтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Қазіргі уақытта Полиция Департаментінің баспасөз қызметінде жұмыс жасап жүріп, осы сала қызметкерлеріне қызыға қарайтыным жасырын емес.

Аталмыш жоба барысында Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекциясы тобымен қызметте болдым. Күнім «Жолдағы қабылдау» акциясына қатысумен басталды. Акция барысында тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жүргізушілермен жолаушыларға жол қауіпсіздігі мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жол қауіпсіздігіне байланысты шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап берілді.  Сонымен қатар, Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы «Қазахавтодор» ЖШС және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызметкерлерімен бірге тас жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді. Көлік жүргізушілеріне ескертпе, түсіндірме парақшалары таратылды.  

Кейін, Жол және техникалық инспекциясы тобымен бірге автомобиль жолдарына, мектеп маңдарына балалар қауіпсіздігі үшін жол белгілерін қою жұмыстарына қатыстым. Оқу жылы жақындаған сайын балалар қауіпсіздігі үшін мектептер айналасына сәйкесінше жасанды жол кедергілері, ескертпе жол белгілері көптеп орнатылуда.

Жалпы, Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін жобалау, салу, жөндеу кезіндегі және автомобиль жолдарын, көшелерді, жол құрылыстары мен теміржол өтпелерін жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайда күтіп ұстау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл саладағы полиция қызметкерлерінің жұмысы көптің көзіне көрінбесе де, қоғамдағы жауапты, маңызды қызметтің бірі. Күнделікті көлік қозғалысында жол белгілерін көп көргенімізбен, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызметкерлердің атқаратын жұмысын, жол белгілерін орналастыру қағидаттарын біле бермейміз.  

Жол белгілері көлікті жолда жүру кезінде қауіпсіз ортаны құруда маңызды рөл атқарады. Олар жүргізушілерге жолда кез келген қауіптің жақындағанын бағдарлауға көмектеседі және оларды түзетілмейтін қателіктерден сақтайды. Қауіпті ескерту, белгілер адамды апаттан, ал көлікті істен шығудан сақтайды. Көбінесе жүргізушілер арасындағы қақтығыстар көліктің жүру жолында туындауы мүмкін. Барлық автокөлік иелерінен жолдағы жазатайым апаттардан қорғану мақсатында жол белгілерін білу талап етіледі.

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің 22.07.2016 жылғы №757-ші бұйрығымен бекітілген «Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» талабына сәйкес, көктемгі және күзгі Республикалық, облыстық және көше-жол желілері және жолдарының техникалық жағдайына кешенді комиссиялық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Басты мақсаты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын жақсарту.

Атырау қаласы аумағында Жасанды жол кедергісін, тиісті жол белгілерін орнатқыңыз келсе «109» call центріне хабарласу немесе Полиция департаментіне өзіңіздің өтінішіңізді тастай аласыз. Жолданған өтінішке сәйкес, Әкімшілік полиция басқармасы Жол және техникалық инспекциясы тобының қызметкерлі  көрсетілген мекен-жай бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде стандартқа сәйкес келген жағдайда ғана жол иесіне орындауға міндетті тиісті нұсқамалар жолданатын болады.

Жалпы, полициядағы бір күнім Әкімшілік полиция басқарма қызметінің қажеттілігін көрсетті. Екі иығыңа погон таққан сәтте темірдей тәртіп сақтайтын полицейлер жұмысының маңыздылығын түсінесің. Көптің назарына іліне бермейтін бұл қызмет саласы сіз бен біздің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін естен шығармау қажет.

Дина Мақсотова

img 20220823 wa0008
img 20220823 wa0012
img 20220823 wa0009
img 20220823 wa0010
img 20220823 wa0011

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button