«Погонды журналист» жобасы: Тұрғындарға тыныштық керек

e5c31788 8b9f 4026 b5f2 7583b7d3dbed Құқық

Республика аумағында Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Погонды журналист» жобасы өтіп жатыр.

Жоба шеңберінде БАҚ өкілдері погон тағып, полиция қызметкерінің бір күндік жұмысымен жақынырақ таныса алады. Мүмкіндікті қалт жібермей мен де – учаскелік полиция қызметкері болып көрдім. Иығыма погон таққан сәттен үлкен жауапкершілікті сезіндім.

Күнделікті өмірде кез келген адам айналасындағылардың заңға қайшы әрекеттерімен кездесетіні хақ. Ал полицейлер қоғам тыныштығын сақтауда көмекке бірінші келетіндердің қатарынан.

4dda6931 273e 4d48 b316 ded99435844c

Жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 08:30-дан басталады. Учаскелік полицейлер басшылардан тапсырма алып, жұмысқа кіріседі. Бұл – жергілікті полиция қызметі басқармасындағы әрбір сақшы үшін күнделікті рәсім. Кейін әркім өзіне жауапты әкімшілік аумақтарға аттанады. Бізге берілген аймақ – №10 учаскелік полиция пункті. Бұл пункт Вокзал маңы 3 ықшам ауданына қарайды.

615373de 7a29 4360 bcff ef1172b5b50c

Ықшам ауданда халық саны- 4620. Аумаққа жауапты– Атырау қаласы Полиция басқармасының №2 Қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қоблан Мамитан Имбраимұлы. Бүгінде тәртіп сақшысының осы салада жүргеніне 5 жылдан асқан. Учаскелік полиция инспекторының басты міндеті- өзін қарасты аумақтағы қауіпсіздіктің бұзылмауын кірпік қақпай қадағалау. Сол үшін ең алдымен Қоблан өз жұмысын бекітілген учаскесін аралаудан бастады.

Ықшам ауданда орналасқан көпқабатты үйлердің біріне келдік. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты әйел тұрады. Жасы 47-де. Қоблан азаматшаның жағдайын күнде сұрап, оған қажетті дәрі-дәрмек пен азық-түлік әкеліп беруді әдетке айналдырған көрінеді.

bfce3875 08bd 4689 a282 a5c661cfb06d

– Бұл салада жүргеніме аз уақыт болған жоқ. Дегенмен өзім бала кезімнен погон тағуды армандадым. Көріп тұрғаныңыздай, бүгінде осы қызметте жүрмін. Гүлнар ханымға кез келген уақытта келіп, жағдайын біліп отырамын. Ол жалғыз тұрады. Сол үшін уайымдайсың. Кішіпейілділік- басты ұстаным, – дейді Қоблан.
Гүлнар тәте бізді қуана қарсы алды. Аумақтағы полиция қызметкерлеріне риза екенін жеткізді.

Кейін, бірнеше пәтерге кіріп, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдадық. Әсіресе, арнайы есепте тұрған жанұялардың жағдайымен танысып, біліп қайттық. Себебі, учаскелік инспектор өз учаскесіндегі тұрғындарды, оның проблемалы жерлерін біліп, қажетті алдын алу шараларын жүргізуге міндетті. Соннан соң, жұмыс кабинетке оралып, азаматтардан түскен құжаттарды қарап шықтық.

  • Бiз тікeлей халықпeн жұмыc істeйтіндіктен, тұрғындaр көбінeсе түрлi мәсeлелерін aйтып бізгe келeді. Жұмыcымыз нeгізінен қылмыcтың aлдын aлуға жәнe профилaктикалық жұмыстaр жүргізугe бағыттaлған.
    Мұнда ұрлық пен алаяқтық, қаңғыбастардың қоғамдық орындарды бүлдіру қылмыстары жиі тіркеліп отырады. Өйткені әкімшілік аумағымызда базар мен ескі жатақханалар, қараусыз қалған үйлер жетерлік-дейді ол.

Қоблан қызмет кезінде түрлі жағдайлар да орын алатынын жоққа шығармайды. Дегенмен, полицейдің басты қаруы мен күші – ол заң.

  • Қадaғалайтын aумақтағы бұрын сoтты бoлғандарды, шaртты түрдe сотталғандaрды, бұзaқылық әрeкеттері бaсым жaсөспірімдерді тіркeп, нaзарға алaмыз. Мемлекет алдында арнайы ант бердік. Біз антымызда тұрамыз-дейді учаскелік полицей.

Иә, шынымен де, учаскелік инспекторлар қарапайым азаматтармен күнделікті байланыс жасап, кез келген оқыс жағдайда бірінші болып көмекке асығатындардың қатарынан. Оған мысалдар да жетерлік. Тіпті, өрт шықса бірінші байқап, көмекке ұмтылатын да учаскелік инспектор. Жуырда Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторы Талғат Рахимов пен көмекшісі Біржан Махмудов және полиция қызметкері Бағытжан Қадырбаев өртенген үйден 4 ересек адам мен 3 баланы құтқарып, сыртқа алып шықты. Бұдан өзге 3 қараша күні Жылыойлық учаскелік полиция инспекторы өзі еңбек демалысында жүрсе де қарияның үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Шоқпартоғай ауылының 60 жастағы тұрғыны әкесінің үйіне белгісіз біреулер терезесін сындырып кіріп, 200 мың теңгеге жуық қажетті тұрмыстық заттарын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама берген. Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік инспектор еңбек демалысында болса да қылмысты ашып, күдіктіні анықтап, ұстаған. Аудан тұрғыны Нұрғиса Жамалбековке алғысын айтып,

  • Осындай инспекторлар бар кезде, қауіпсіздігімізге алаңдамасақ болады. Тұрғындармен жақсы қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызметші – біздің елдің дамуына себепші» – деді ол.

Жалпы, полиция қатарындағы бір күнім жаңа дүниелерге толы болды. Погон тағу -үлкен жауапкершілік. Ол үшін байыпты білім, шыныққан білек те, айбарлы жүрек те керек. Қызметте бастысы, темірдей тәртіпке үйрену керектігіне көз жеткіздім. Әр күн сайын өңірдің әр түкпірінен бұрқ ете қалатын құқықбұзушылық пен қылмыстардың жай-күйін зерттеу, ашу, оның алдын-алу секілді алмағайып жұмыстар күннен-күнге өріліп, жалғасып жатады. Антқа берік полицей атану үшін заң тұрғысынан қалтқысыз әрекет етіп, өз маманының шебері екенін көрсете білу, қызметін адал атқарып, мансап сатысымен көтерілу үлкен еңбек.

Дана Тлек
ҚР Журналистер одағының мүшесі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз